03 шілде 2017 13:04

Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Жұмалиев пен Әйтеке би көшелерінің қиылысында болған. Toyota Prado маркалы автокөлігі Әйтеке би көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатып, "жол бер" деген белгіні елемей немесе көрмей қалып Жұмалиев көшесімен қиылысатын жерге шығып кеткен. Осы кезде Жұмалиев көшесімен Toyota Estima солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Осы кезде Toyota Prado көлігі Toyota Estima автомобилінің бүйірінен соғады.

Соққы салдарынан Toyota Estima жол шетіндегі арыққа түсіп кетіп, өсіп тұрған ағашқа соғысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Estima жүргізушісі мен жолаушысы және Toyota Prado көлігінде болған бір қыз зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілген. Істің мән-жайын полицейлер анықтайтын болады. 


©  "Территория происшествий" бағдарламасы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети