09 ақпан 2017 18:46

Алматыда жол-көлік оқиғасынан Mercedes көлігі аударылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы қиылысында "Алғабас" ықшамауданында Nissan Micro және Mercedes-Benz E320 маркалы автомобильдерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы қиылысында "Алғабас" ықшамауданында Nissan Micro және Mercedes-Benz E320 маркалы автомобильдерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Nissan Micro Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Бір кезде көліктің артқы жағынан қатты жолдамдықпен Mersedes-Benz көлігі соғысқан. Соққыдан Nissan жол бойында бірнеше рет айналып, тұрып қалған. 

Mercedes қозғалысын тоқтата алмай, бардюрге шығып кеткен. 15 метр саяжолмен жүріп аударылып қалған. 


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Жол-көлік оқиғасынан Nissan Micro жолаушысы ауыр жарақат алған. Оны бас сүйек ми жарақатымен № 7 Қалқаман ауруханасына жеткізген. Mercedes жүргізушісіне алғашқы көмек көрсетілген, ол ауруханға барудан бас тартты. 
Жол апатының барлық мән-жайын полиция анықтап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, неміс көлігін жүргізіп келе жатқан ер адам көлікті мас күйінде жүргізген болуы мүмкін. Алайда онымен бірге тағы бір жолаушы қыз болған, ол қыз көлікті өзі басқарғанын айтады. Оқиға орнына криминалист шақырылған, ол саусақ іздерін алып көлікті кім басқарғанын анықтайтын болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети