Алматыда жол талғамайтын көлік балабақша қоршауын соқты

12 Тамыз, 09:13
0
Алматыда жол талғамайтын көлік балабақша қоршауын соқты -

Алматыда жол талғамайтын көлік балабақша қоршауын соқты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға кезінде қоршаудың ішкі жағында бүлдіршіндер ойнап жүрген. Оқиға Алма-Арасан көшесінің бойында болған.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado автомобилі Алма-Арасан бойымен келе жатқан. Белгісіз себептермен көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, металл қоршауын соғып өтіп, сонда тұрған газ құбырының тірегін бұзып өтіп, балалар лагерінің қоршауына барып соғылған. 

Жол апатының салдарынан екі адам зардап шеккен: көлік жүргізушісі мен жолаушысы. Олар түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Қала полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай