Алматыда жол талғамайтын көлік жол апатынан кейін үш адамды қақты

16 Қыркүйек, 09:19
0
Алматыда жол талғамайтын көлік жол апатынан кейін үш адамды қақты - Сурет "Территория происшествий" бғдарламасынан
Сурет "Территория происшествий" бғдарламасынан

Алматыда жол апатынан кейін автомобиль жүргізушісі үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Розыбакиев пен Есқарев көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado Есқараев көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Қиылыта ол Lexus автокөлігіне жол бермей бар жылдамдығымен соқтығысқан. Соққыдан жол талғамайтын көлік тротуарға шығып кетіп, үш адамды - екі қыз бір жігітті қағып кеткен. 

Қыз баланың бірі жол-көлік оқиғасы болған жерде қайтыс болған. Жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Екінші қызды дәрігерлер қарап шыққаннан кейін, ол ауруханада жатудан бас тартты.  

Қалалық полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады. 


Сурет "Территория происшествий" бғдарламасынан

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай