Алматыда Өжет ықшамауданындағы Әуезов көшесінде бірінші сыныпта оқитын қыз баланы көлік қағып кетті. Tengrinews.kz тілшісіне бұл ақпаратты қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек растады.
Алматыда Өжет ықшамауданындағы Әуезов көшесінде бірінші сыныпта оқитын қыз баланы көлік қағып кетті. Tengrinews.kz тілшісіне бұл ақпаратты қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек растады.
Оқиға 13 сәуір таңғысын болған. kris_p_almaty паблигінде пайда болған ақпарат бойынша, қыз бала тротуары жоқ көше бойымен, қоршау жағалап келе жатқан. Қыз алдынан шыққан иттен қорқып, жолға жүгіріп шыққан. Осы кезде оны көлік қаққан.
"Қазіргі кезде ЖКО-ның мән жайы анықталып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, баланың қаншалықты ауыр жарақат алғаны анықталады. Осыған байланысты оқиғаны қандай бап бойынша тіркелетінін белгілі болады", - дейді Салтанат Әзірбек.
Полицияның мәліметінше, 2010 жылы туған қыз қазір балаларға арналған медициналық мекемелердің бірінде жатыр.