11 желтоқсан 2017 10:46

Алматыда жолүсті өткелінің астынан өтпекші болған ер адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© patrul.kz © patrul.kz

Райымбек даңғылының бойында ер адам жаяу жүргіншілерге рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтемін деп, қаза тапты, - деп хабарлайды patrul.kz.


Райымбек даңғылының бойында ер адам жаяу жүргіншілерге рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтемін деп, қаза тапты, - деп хабарлайды patrul.kz.

Volkswagen Sharan автомобилі Райымбек даңғылының бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Розыбакиев көшесімен қиылысқан тұста көлік енді көпірдің астынан шыға бергенде, белгісіз ер адам жолды қиып өтпекші болған. Минивэн жүргізушісі дереу әрекет етіп үлгере алмай, бар жылдамдығымен дәл жолүсті өткелінің астында ер адамды қағып кетті. 

Ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан ер адамның кім екенін анықтау мүмкін болмаған, себебі оның құжаттары өзімен бірге болмаған. 

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән жайын анықтап жатыр.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети