28 қазан 2016 23:21

Алматыда жөндеуде тұрған Mercedes көлігі толықтай өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыда техникалық жөндеу орталығында өрт болып, салдарынан Mercedes көлігі толықтай өртеніп кетті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда техникалық жөндеу орталығында өрт болып, салдарынан Mercedes көлігі толықтай өртеніп кетті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға 28 қазан күні Яссауи мен Жандосов көшелерінің қиылысындағы ТЖО-да болған. Сағат 20:13-те "101" пультіне куәгерден хабарлама түскен. Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына 11 минутта келіп жетеді. Өрт сөндіру кезінде өттегі баллондары шығарылды. Оқиға орнынан ақпарат: "Алдымен көлік өртеніп, кейін өрт 10 квадрат метрді құрайтын аумақты шарпыған. Өрт 20:35- те ауыздықталып, 20:42-де толық өшірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда", - дейді Алматы қаласы ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

СТВ тілшісі атап өткендей, толықтай өртеніп кеткен Mercedes-тен  бөлек, тағы бір Hyundai  маркалы көліктің алдыңғы бөлігі өртке шалынған.

 

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети