Алматыда техникалық жөндеу орталығында өрт болып, салдарынан Mercedes көлігі толықтай өртеніп кетті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда техникалық жөндеу орталығында өрт болып, салдарынан Mercedes көлігі толықтай өртеніп кетті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Оқиға 28 қазан күні Яссауи мен Жандосов көшелерінің қиылысындағы ТЖО-да болған. Сағат 20:13-те "101" пультіне куәгерден хабарлама түскен. Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына 11 минутта келіп жетеді. Өрт сөндіру кезінде өттегі баллондары шығарылды. Оқиға орнынан ақпарат: "Алдымен көлік өртеніп, кейін өрт 10 квадрат метрді құрайтын аумақты шарпыған. Өрт 20:35- те ауыздықталып, 20:42-де толық өшірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда", - дейді Алматы қаласы ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
СТВ тілшісі атап өткендей, толықтай өртеніп кеткен Mercedes-тен бөлек, тағы бір Hyundai маркалы көліктің алдыңғы бөлігі өртке шалынған.