Алматыда жүк тиеген "КамАЗ" Lada көлігімен соғысып, аударылды

08 Желтоқсан 2016, 16:38
0
Алматыда жүк тиеген "КамАЗ" Lada көлігімен соғысып, аударылды - © "Территория происшествий" бағдарламасы
© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда жүк тиеген "КамАЗ" Lada көлігімен соғысып, аударылды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жүк тиеген "КамАЗ" бен Lаda Kаlina көліктері Рысқұлов даңғылының бойымен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Белгісіз себептермен екі көлік соғысқан. Соққыдан жүк көлігі аударылып кетіп, бортында тиеген жүгі жолға шашылған. 

Жол-көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті: "КамАЗ" жүргізушісі мен жолаушысы және Lada Kalina жүргізушісі. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай