Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Алматыда жүргізуші әйел үш көлікті зақымдады

09 Желтоқсан 2014, 12:03
0
©"Территория происшествий" бағдарламасының кадры

Алматыда Toyota RAV4 руліндегі әйел жол жиегіне қойылған үш машинаға соғылды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші әйел Әуезов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Ғабдуллин көшесімен қиылысатын тұста ол оқыстан бұрылған, сол кезде рульге ие бола алмай қалады.

Соның салдарынан RAV4 сол маңдағы Mitsubishi Delica-ны соқты. Ал ол Pajero көлігін, Pajero болса, Toyota Hilux Surf машинасына соғылды. Жол-көлік оқиғасынан Delica жолаушысы зардап шекті. Куәгерлер RAV4 көлігіндегі әйелден спирт иісі аңқып тұрғанын айтты. Бұл оқиға 9 желтоқсанға қараған түні болды. 

Мұның алдында 27 қараша күні кешкісін Алматыда алты машинаның қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған еді. Lexus және Nissan көліктері соқтығысып, өздерімен бірге Kia, Lada, Audi және Nissan Sunny автокөліктеріне де зақым келтірді. Зардап шеккендердің бәріне алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді. Nissan жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. 

Қазіргі уақытта Алматыда қалың жауған қардың салдарынан жүргізушілер жол-көлік оқиғаларына жиі ұшырайтын болды. 8 желтоқсан күні қардың салдарынан 41 оқиға тіркелді. 10 адам зардап шекті. Алматыда 7 желтоқсан күні жауа бастаған қар 8 желтоқсанға дейін жалғасты. Оның алдында 4-5 желтоқсан күндері де қар көп жауған болатын. Ол кезде бір тәулікте 97 жол-көлік оқиғасының болғаны хабарланды. Ал 25-26 қараша күндері қар жауған кезде бұдан 122 жол апаты тіркелген еді. 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай