Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншілерге арналған жолда қызды қағып кетті

20 Қараша 2017, 11:35
0
Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншілерге арналған жолда қызды қағып кетті -

Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншілерге арналған жолда қыз баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының видеосын куәгер жолдады. Куәгердің айтуынша, оқиға бүгін сағат 07.30-да Сүйінбай даңғылы мен Элеваторская көшесінің қиылысында болған.

"Қыздың жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқанын көрдім, барлық көлік тоқтап жатты. Бірақ алда келе жатқан Daewoo Matiz жүргізушісі неге тоқтамай, қызды қағып кеткенін түсінбедім. Жан жағыма қарасам, қыз жерде жатыр. Оны қағып кеткен жүргізуші бірден сыртқа шығып, қызды жолдан алып өтпекші болды. Қыздың аяғын жарақаттап алғаны көрініп тұрды, еш жері сынбаған сияқты, тек жарақат алды", - деді куәгер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай