02 мамыр 2017 12:07

Алматыда қарсы бағытқа шығып кеткен көліктің күл-талқаны шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер түсірген сурет Куәгер түсірген сурет

Алматыдағы Сүйінбай даңғылында Toyota Highlander көлігі аударылып қалды, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. ЖКО салдарынан жолда үлкен кептеліс пайда болды. 

Toyota Highlander солтүстікке қарай бет алып бара жатқан, Рысқұлов даңғылына жете берген тұста бұрылыс кезінде көлік иесі тізгінге ие бола алмай қалған. Қарсы бағытқа шығып кеткен Toyota Highlander Toyota RAV4 көлігіне, одан кейін жарық бағанасына соғылып, аударылған. 

Куәгер түсірген сурет

Жол-көлік оқиғасынан көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Куәгерлердің сөзінше, аударылған көлік жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлердің мәліметі бойынша, көлік ішінен бірнеше құты сыра табылған. 

Полицейлер болған жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети