Алматыдағы Рысқұлов даңғылында бірнеше көлік соқтығысқаннан кейін қала әкімдігі жолдағы қазылған шұңқырға қатысты тергеу бастады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қоғамдық көлік және автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі Мақсұт Исахов хабарлады.

"Апат қазу жұмыстары 800-ші құбыр жарылғаннан кейін жүргізілген. Бұл жұмыстарды "Суарнасының" Жетісу аудандық филиалы жүргізген. Қазір олармен анықтау жұмысы жүріп жатыр. Әкім Энергетика және ТКШ басқармасына кінәлілерді жауапқа тартсын деп тапсырма берді", - дейді Исахов.
Еске салайық, макусымның 20-на қараған түні Рысқұлов даңғылының бір жақ бетінде Nissan Micra, Toyota Mark II, BMW және Mercedes-Benz Geländewagen көліктері соқтығысқан болатын. Ал екінші жақ бетінде Renault және Nissan соқтығысқан. Апат жүргізушілердің шұңқырды айналып өтпек болған кезде болған, ал жол жөнделіп жатқаны туралы ешқандай белгі қойылмаған. Куәгерлердің сөзінше, бұл жерде бір күнде 10 шақты ЖКО болған екен.