25 сәуір 2018 16:26

Алматыда қоқыс таситын көлік тұрақта тұрған автомобильдерді қиратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қоқыс таситын жүк көлігі тұрақта тұрған бірнеше автокөлікті қиратты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда қоқыс таситын жүк көлігі тұрақта тұрған бірнеше автокөлікті қиратты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Сәтбаев көшесінің бойында Достық пен Назарбаев даңғыларының арасындағы ауланың бірінде болған. Қоқыс таситын көлік жүргізушісінің айтуынша, ол қоқыс жәшіктеріне жақындайын деген, алайда оған тұрақта тұрға көліктер кедергі келтірген. Ол қоқысты тиеп алу үшін көлікті тежегішке (ручникке) қойып, автокөліктерді алып тастауын сұрайын деп шыққан. Алайда жүргізушілер болмай шыққан. Осы кезде КамАЗ тежегіштен шығып, Toyota Corolla маркалы автокөлікті соғады, жеңіл көлік гаражға соғысады. Кейін жанында тұрған Rav-4 автокөлігіне соқтығысып, аударылды. 

Өз кезегінде КамАЗ жол жиегіне бір жанына аударылып, Toyota Avensis пен Kia Cerato көліктерін соққан. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети