21 маусым 2017 13:24

Алматыда көлік аударылып, екі ересек адам мен сәби зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыдағы Нижняя Пятилетка аумағында көлік аударылып, екі ересек адам мен сәби зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыдағы Нижняя Пятилетка аумағында көлік аударылып, екі ересек адам мен сәби зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Toyota микроавтобусы Бесембаев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Лермонтов көшесімен қиылысқан жерде ол Volkswagen көлігімен соғысып қалған.

Алған соққыдан Toyota бағанаға қарай ұшып кетіп, аударылып кеткен. Ішінде отырған екі ересек адам мен сәби түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Абырой болғанда Volkswagen жолаушылары зардап шеккен жоқ. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети