18 қаңтар 2017 18:57

Алматыда көлік екі адамды қағып, дүкенге соғылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыда көлік екі адамды қағып, дүкенге соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосы пайда болды.


Алматыда көлік екі адамды қағып, дүкенге соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосы пайда болды.

Оқиға бүгін болған. Видео бақылау камерасына жазылған роликке қарағанда, көліктің асқан жылдамдықпен дүкенді соққанын көруге болады. Мұның алдында ол ер адам мен әйелді қағып кеткен.

"12.30-да Түрксіб ауданында Toyota Mark II маркалы көлік Аймауытов көшесімен батыс бағытта келе жатып, солға қарай Ақан сері көшесіне бұрылу кезінде жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, жаяу жүргіншіні, нақтырақ айтқанда рұқсат етілген жерден жолдан өтіп бара жатқан 1962 жылғы әйелді қаққан. Кейін көлік тұраққа қойылған Volkswagen көлігін соғып, жол белгісін құлатты. Осыдан кейін көлік тағы бір адамды - 1953 жылғы ер адамды соқты. Кейін ол дүкенге барып соғылды", - деп хабарлады Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

"Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, Toyota Mark II көлігінде жүргізушінің жүкті әйелі болғанын атап өту керек. Абырой болғанда, ол зардап шекпеді. Қазіргі уақытта Алматы ІІД Анықтау басқармасының қызметкерлері осы істің материалдарын өндіріске алды, тергеу аясында олар қажетті сараптамаларды тағайындап, оқиғаның мән-жайын анықтайды", - деді Салтанат Әзірбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети