13 наурыз 2018 13:56

Алматыда көлік қағып кеткен 2-сынып оқушысына қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыдағы №31 мектептің қызметкерлері көлік қағып өлтірген 2-сынып оқушысына қатысты жағдайдың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы №31 мектептің қызметкерлері көлік қағып өлтірген 2-сынып оқушысына қатысты жағдайдың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектептегілердің мәліметінше, бала көпбалалы отбасында тәрбиеленген. 4 бала болған. Ал мерт болған 2-сынып оқушысы отбасының тұңғышы болған екен.

"Бұл оқиға 12 наурызда сағат 12.50-де болды. Бала мектепке анасымен бірге бара жатты. Екінші сыныпта оқитын, сабақ түстен кейін басталады. Анасы баласын жолдан өткізіп, өзі қала берді. Бірақ бірде бала жолдан қайта өтпекші болып, анасына қарай жүгіреді. Осы сәтте Toyota көлігі келе жатқан. Баланы анасының көзінше қағып өлтірді", - дейді мектептегілер.


© "Территория происшествий"

Сондай-ақ, олар көлік тізгінінде қыздың отырғанын айтады.

"Қандай жылдамдықпен келе жатқаны белгісіз. Бірақ бізде жаяу жүргіншілерге арналған жолда белгі бар, жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырмау туралы шектеулер де бар. Жүргізуші жылдамдықты асырған жоқ деп ойлаймыз", - дейді мектептегілер.


© "Территория происшествий"

Еске сала кетейік, кеше Алматыда жүргізушінің жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан 2-сынып оқушысын қағып өлтіргені хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, ол дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети