Алматыда көлік қағып кеткен көше сыпырушы ауруханада қайтыс болды

03 Қазан 2017, 14:55
0
Алматыда көлік қағып кеткен көше сыпырушы ауруханада қайтыс болды - © "Территория происшествий" бағдарламасы
© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда автомобиль жүргізушісі қағып кеткен коммуналдық қызметтің жұмысшысы ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оны ауыр халде ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын істеді, алайда оның жарақаты тым ауыр болды. Жансақтау бөлімінде жасалған әрекеттер жақсы нәтиже бермеді. Науқас қайтыс болды", - деді Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

Еске салайық, Алматыда көлік жүргізушісі көше сыпырушыны қағып кеткен еді. Алматыдағы Саин көшесінің бойында солтүстік бағытта Төле би көшесінен өткен бетте тоннельден шығаберісте Honda CR-V автокөлігі ер адамды қағып кеткен. 1955 жылғы ер адам жол жиегін сыпырып жүрген. Оны ауыр халде ауруханаға алып кеткен. Жүргізушінің айтуынша, көше сыпырып жүрген ер адам артқа қарай 3-4 қадам жүрген, сол себепті лезде әрекет етіп үлгермеген. 


© "Территория происшествий" бағдарламасы


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай