Алматыда Lada Priora жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісіне қарамастан үлкен жылдамдықпен жүріп, мотоциклшіні қағып кеткен, - деп хабарлайды Motor.kz.
Алматыда Lada Priora жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісіне қарамастан үлкен жылдамдықпен жүріп, мотоциклшіні қағып кеткен, - деп хабарлайды Motor.kz.
Жол-көлік оқиғасы 2 маусымда Розыбакиев пен Өтепов көшелерінің қиылысында болған. Басылымның мәліметінше, мотоциклші Өтепов көшесіне бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жүре бастаған. Сол кезде оны бағдаршамның қызыл түсімен келе жатқан Priora жүргізушісі қағып кетеді. Мотоциклшінің айтуынша, сот отырысында Lada жүргізушісі көлік жүргізу құқығынан айырылды. Қуанышқа орай, мотоциклші еш жарақат алған жоқ. Енді ол басқа да мотоциклшілерді әрдайым арнайы қорғайтын киіммен жүруге және абай болуға шақырды.
Айта кетейік, куәгер жол-көлік оқиғасын видеотіркегішке түсіріп алған.
Видео - Юрий Зяблов.
Еске салайық, Алматыда 20 маусымда жантүршігерлік жол апатынан мотоциклшінің денесі екіге бөлініп кеткен болатын. Жол-көлік оқиғасы Рысқұлов даңғылында "Бахар" базарына қарама-қарсы тұста болды. Volkswagen Caddy маркалы автомобиль Рысқұлов даңғылымен батысқа қарай жүріп бара жатқан, кейін ол артқа қарай бұрылғысы келеді. Бұрылып болғаннан кейін көліктің артына үлкен жылдамдықпен екі мотоцикл келіп соғысқан. Жол апатының салдарынан мотоциклшілердің бірінің денесі екіге бөлініп кеткен.