Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Алматыда контрабандашылармен болған атыстың видеосы Интернетте жарияланды

01 Шілде 2015, 13:09
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Алматыда контрабандашылармен болған атыстың видеосы Интернетте жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Carskz топтарының біріне жүктелді. Видеодан Volkswagen Transporter шағын автобусының полицейлерден қашып құтылу үшін жоғары жылдамдықпен жүйіткіп бара жатқанын көруге болады. Оның соңынан бірнеше жол-патруль полициясы автомобильдері қуды. Бірнеше минуттан кейін Торайғыров пен Мұстафин көшелері орналасқан ауданда шағын автобустың дөңгелегіне оқ тиіп, аударылып қалды.

Еске сала кетейік, оқиға 28 маусымда болды. Куәгерлердің айтуынша, жол полицейлері ереже бұзған Volkswagen автомобилін байқап қалған. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тоқтау туралы бұйрығын Volkswagen жүргізушісі ескермей, қаша жөнелді. Полицейлер қару қолдануға мәжбүр болды.

Алматы полицейлері оқ ату арқылы тоқтатқан автомобильде халықтық тұтыну тауарлары болған. "Аян" бекетінде өткізілген шара барысында мемлекеттік кірістер департаменті мен ішкі істер департаментінің қызметкерлері іші қалталарға толы екі автомобильді тоқтатқан. Тексеру барысында автомобиль салондарында кішкентай балаларға арналған, ер адамдар мен әйелдерге арналған тауардың болғаны және оларға тауар тасымалдау туралы құжаттың болмағаны анықталды.

Екі автомобильдің жүргізушісі де ұсталды. Осы дерек бойынша сталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай