21 маусым 2016 12:58

Алматыда көпқабатты үйдің шатыры өртеніп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көпқабатты үйдің шатыры өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда көпқабатты үйдің шатыры өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өрт Рысқұлбеков көшесінде Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының маңындағы тұрғын үйде шыққан.  

Қалалық ТЖД мәліметінше, өртсөндірушілер төтенше оқиға орнына жеткен. Қазіргі уақытта тұрғындар эвакуацияланып жатыр. 

СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшілерінің хабарына қарағанда, Щепкин 35 мекен-жайындағы ғимараттың шатыры өртенген. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Алматы қалалық ТЖД өкілдерінің айтуынша, Бостандық ауданындағы тұрғын үйде шыққан өрт туралы хабар "101" пультіне 12.20-да түскен. "Бірінші өртсөндіру есебі төрт минуттан кейін жетті - 12.24. Өртсөндірушілер суды шаша бастады, сонымен қатарласа адамдарды эвакуациялады. Өрттің таралу қаупі сақталып отыр. Өртсөндіру сатысымен 53 адам эвакуацияланды", - деп мәлімдеді қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.


© "Территория происшествий" бағдарламасының суреті


Куәгер жолдаған сурет

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети