05 ақпан 2015 15:50

Алматыда кісіге жармасқаны үшін 70 жезөкше жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі ©Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Түрксіб ауданында жыл басынан бері қоғамдық орындарда тән саудасын ұсынған жеңіл жүрісті 70 қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олардың 32-сі - Қырғызстан азаматшасы.


Түрксіб ауданында жыл басынан бері қоғамдық орындарда тән саудасын ұсынған жеңіл жүрісті 70 қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олардың 32-сі - Қырғызстан азаматшасы.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жезөкшелер Алматыдағы Сейфуллин көшесінде өтіп бара жатқандарға жармасып, жыныстық қызмет ұсынған. Адам саудасымен айналысқан жеңгетай елден қуылды, бірақ әкімшілік қамауға алынған жоқ. 

Айта кетейік, 2014 жылы осы Сейфуллин көшесінде тән саудасымен айналысқан 1 мың 537 адам ұсталып, олардың 576-сына қатаң ескерту жасалды. Сонымен қатар, 32 адам әкімшілік қамауға алынып, 1 мыңнан аса адамға айыппұл салынды. Сондай-ақ, 124 жеңгетай қолға түсіп, олардың 36-сы жол бойындағы қонай үйлерді жалға алғаны белгілі болды. 

Түрксіб аудандық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің басшысы Фархат Сыбанбаевтың айтуынша, жезөкшелер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы жаңа кодекстің талаптарын ескермей жүр. Қазір тәртіп сақшыларына бұл көшенің бойын үш ауысыммен бақылауға тура келді.

"Жаңа Әкімшілік кодекстің баптарына қарамастан, жеңіл жүрісті қыздардың заңға бағынғылары келмейді, сөйтіп, түрлі сылтау айтып, жауапкершіліктен қашады. Бірақ олар ештеңеге қарамастан ішкі істер департаментіне жеткізіліп, арнайы есепке алынады. Араларында бұған дейін полицияға бірнеше рет түскен әйелдер бар. Қазіргі таңда бұл аймақты учаскелік инспекторлар, полицияның сыртқы қызметі мен Ұлттық ұлан сарбаздары үш ауысымдық тәртіппен бақылап жүр", - деді Сыбанбаев.

Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің жаңа нормалары өтіп бара жатқандарға тауар сатып алуды ұсынған 5 адамға, қайыр сұраған тағы бес адамға және үйді жалға алуды беймаза ұсынған 10 адамға қолданылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети