Алматыда қыз баланы қағып өлтірген автобус жүргізушісі қамауға алынды

20 Сәуір 2018, 16:44
0
Алматыда қыз баланы қағып өлтірген автобус жүргізушісі қамауға алынды - © "Территория происшествий"
© "Территория происшествий"

Алматыда қыз баланы қағып өлтірген автобус жүргізушісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ер адамды қамауға алу туралы санкцияны Әуезов ауданының соты шығарды.

"Әуезов ауданының сотының автобус жүргізушісіне қатысты қолданған санкциясына сәйкес бір айға қамауға ал туралы шешім шығарылды", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, бұл оқиға 18 сәуірде болған еді. Куәгерлердің айтуынша, 126-бағыттағы автобус жүргізушісі Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатып, қыз баланы қағып өлтірген.


©"Территория происшествий"

Кейінірек осы оқиғаның мән-жайы анықталған еді. Жүргізуші қызды қаққан кезде бағдаршамның қызыл түсіне өткенін мойындап, автопарктегілер қайтыс болған қыздың отбасына көмектесуге уәде берген болатын.


©"Территория происшествий"

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай