04 мамыр 2015 12:00

Алматыда мас әйел арбадағы төрт айлық баланы қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Kvedomosti.com @Kvedomosti.com

Алматыда мас әйел арбадағы төрт айлық баланы қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда мас әйел арбадағы төрт айлық баланы қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға 2 мамыр күні "Қалқаман" ықшамауданында кешкі сағат 19.00 шамасында болды. Toyota Rav көлігінің жүргізушісі 34 жастағы әйел Лапина көшесімен солтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатып, жүргіншілерге арналған жолда 15 жастағы қыз бен төрт айлық бала жатқан арбаны қағып өтті. Нәтижесінде кішкентай бала қаза болып, 15 жастағы қыз аяқ сүйегі сынып, ауруханаға жеткізілді.

"Мұнымен мас әйел тоқтаған жоқ. Ол осыдан кейін Volkswagen автомобилімен соқтығысып, газды металл бағананы басып өтті, кейін Toyota Carina көлігіне барып соғылды. Жол-көлік оқиғасына себепші болған жүргізушінің тиісті куәлігі болмады", - деді Алматы қалалық анықтау басқармасының басшысы, полиция мойоры Рүстем Әбдірахманов.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, аталған деректерге қатысты Қылмыстық Кодекстің 345 және 349 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети