Алматыда Медиаметрикс радиосының кеңсесі тоналды

05 Қыркүйек 2017, 11:33
0
Алматыда Медиаметрикс радиосының кеңсесі тоналды - Фотоны ұсынған Шавкат Сабиров
Фотоны ұсынған Шавкат Сабиров

Алматыда Медиаметрикс радиосының кеңсесі тоналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров айтып берді. Ұры ғимаратқа терезе арқылы кірген. Бұл жағдай видеоға түсіп қалған. 

"Студиялық құрылғылар, пульт, түрлі күшейткіштер, видеокамералар, штативтер ұрланды. Бір сөзбен айтқанда, той бизнеске жарамдының бәрі. Біздің есептеуімізше 2 миллион теңге көлемінде шығын келді. Бұл сондай үлкен қаржы емес, бірақ, қоғамдық радио үшін айтарлықтай қомақты", - дейді Сабиров. 

Оның сөзінше, бір жылда студия 308 бағдарлама жасаған. Ол бағдарламалардың иесі сарапшылар мен өз саласының мамандары. Олар студияда түрлі тақырыптарды талқылайды - спорт, мәдениет, музыка, қоғамдық-саяси ахуалды, әлеуметтік жобалар және сол сияқты. 

Сонымен қатар, Сабиров ұрының тәжірибесіз болғанға ұқсайтынын айтады. 

"Видеокамераға түсіп қалған, оның үстіне оның әккі ұры емес екені байқалады. Ол қосулы тұрған камераны үстел үстіне жылжытып қойған", - дейді ол. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай