19 қыркүйек 2019 09:26

Алматыда мектеп маңында үш баланы көлік қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Ұлжан ықшамауданында 18 қыркүйекте мектеп маңында бір үйдің үш баласын көлік қағып кетті, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы"


Алматының Ұлжан ықшамауданында 18 қыркүйекте мектеп маңында бір үйдің үш баласын көлік қағып кетті, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы"

Куәгерлердің айтуынша, автокөлік жүргізушісінің ұлы зардап шеккен балалардың әкесіне жұдырық ала жүгірген. Оған ер адамның балаларын көлікпен қаққанын бетіне басқаны ұнамай қалған. 

Зардап шеккен балаларды ауруханаға жеткізген, олардың жағдайы орта деңгейлі ауырлық. Үлкен қызын қарап шығып, бірден үйіне жіберген.

"5 және 6 жастағы балаларды қарап шыққаннан кейін, оларды ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданды", - деді дәрігер Дінмұхамед Рузуддинов. 

 Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы қауіпті аймақты қиып өтуге тура келеді. Көшеде "Жаяу жүргінші жолы" белгісі мен бағдаршам орнатылған, алайда - мектептен 200 метр жерде ыңғайсыз салынған. 

"2016 жылдан бері әкімге хат жазып келеміз. Бізге бірнеше ықшамауданнан балалар келеді. Оқушылар саны үш мыңнан асты. Әзірше өтінішіміз аяқсыз қалды", - дейді № 152 мектеп директорының орынбасары Нұржан Ақылбекова. 

Алатау ауданы әкімдігі осы мәселені білетіндері және таяуда жаяу жүргіншіге арналған жол салуға уәде берді. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети