11 тамыз 2016 16:54

Алматыда мемлекеттік тіркеу номері жоқ Ferrarі видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр © Youtube.com Видеодан алынған кадр © Youtube.com

Куәгерлер Алматыдағы көшелердің бірінде мемлекеттік номері жоқ қызыл түсті Ferrari көлігін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Куәгерлер Алматыдағы көшелердің бірінде мемлекеттік номері жоқ қызыл түсті Ferrari көлігін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видоны редакциямызға оқырман жолдады. Видеожазба 5 тамызда шамамен сағат 18.30-да Достық даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында түсірілген. Кадрлардан Ferrari көлігінің жол кептелісінде тұрғаны көрінеді. Сондай-ақ, көліктің мемлекеттік тіркеу номері болмаған. Оқырманның айтуынша, Ferrari көлігінің алдынғы бамперінде де ешқандай номер болмаған.

Видеоның кадрларына қарағанда бұл Ferrari F430 көлігі. Онда көлемі 4,3 литр V8 қозғалтқыш, механикалық алтысатылық беріліс қорабы орнатылған. Ferrari F430 көлігінің максималдық жылдамдығы сағатына 315 шақырымға дейін жетеді екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети