03 қазан 2019 | 09:29

Алматыда өгей әкесі ұрып-соққан екі жасар сәби қайтыс болды

Алматыда өгей әкесі ұрып-соққан екі жасар сәби қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда өгей әкесі ұрып-соққан екі жасар сәби қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер 3 қазанда таңғы сегізде баланың қайтыс болғанын тіркеген. Бала қатты соққылар алған, соның салдарынан қайтыс болған. 

Реклама
Реклама

Оқиға 23 қыркүйекте болды. Бала үйде өгей әкесімен қалған. Баланың анасы жұмысқа кеткен. Бір кезде бала қатты жылай бастаған, өгей әкесі оны жұбата алмай, дене жарақатын салған. Сәбидің демалмай жатқанын көрген ол көшеге алып шығып, жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға жеткізген. 

Кейінірек, 1985 жылғы жігіт кінәсін мойындады. Сәби жансақтау бөлімінде ауыр халде жатты, ол комаға түскен. Баланы өкпені жасанды желдету құрылғысына жалғаған еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная