26 ақпан 2017 18:20

Алматыда оқушының өліміне себепкер болуы мүмкін деген такси жүргізушісі жұмысынан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© patrul.kz © patrul.kz

Алматыда мектеп оқушысының қаза табуына себепкер болуы мүмкін SsangYong жүргізушісі жұмысынан босатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда мектеп оқушысының қаза табуына себепкер болуы мүмкін SsangYong жүргізушісі жұмысынан босатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тергеу жүріп жатқандықтан біз ештеңе айта алмаймыз. Жүргізушіні жұмыстан босаттық", - деді такси қызметінің өкілі.

Patrul.kz порталы куәгерлердің сөзіне сілтеме жасап, басында басқа бір көлік бүйіріндегі терезесімен оқушыға тиіп кеткен, осыдан кейін SsangYong маркалы такси жүргізушісі оқушыны басып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. 

City Taxi жүргізушісі, куәгерлердің берген мәліметінен кейін де, оқушыны қақпағанын айтты. Автокөліктің еш жері бүлінбеген. 

"Мен онда куәгер ретінде болдым. Мен басқан жоқпын. (...) Мен сұр түсті көліктің оң жағынан айналып өтпек болғанымда оның астынан бірдеңенің ұшып кеткенін байқадым", - деді такси жүргізушісі. 

Жүргізуші қайта-қайта ешкімді баспағанын айтты. Портал мәліметінше, қажетті сараптама қорытындысы шыққанға дейін, барлығы анықталғанша полицейлер айып тұрағына екі көлікті қойған. Сонымен қатар, екі жүргізуші де ішімдік не есірткі заттарын қолданбаған. 

Жол-көлік оқиғасы 25 ақпанда Розыбакиев - Кихтенко көшелерінің қиылысында орналасқан жаяу жүргіншіге арналған жолда болған. Жеңіл көлік қаққан кезде бала жүгіріп бара жатқан. patrul.kz порталы куәгерлердің сөзіне сүйене отырып, оқушыны бірінші Honda көлігі қаққан, содан кейін SsangYong маркалы такси көлігі басып өткенін хабарлайды. Бала 10 жаста болған.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети