Алматыда өрт болған үйден әйел адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.
Алматыда өрт болған үйден әйел адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.
Сағат 05.53-те "101" пультіне 3-ықшамауданда орналасқан төртқабатты үйдегі 3-қабаттың өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келген. Өрт сөндірушілер 8 минуттан соң сағат 06.07-де оқиға орнына барды. Өрт шыққаны жайлы ақпарат расталды: көрсетілген мекенжайдағы пәтер өртенген.
"Өртті сөндіру кезінде жуынатын бөлмеде бас жарақатын алған әйел адамның мәйіті табылды. Ол сол пәтердің 1966 жылғы иесі екен. 20 адам эвакуацияланды. Олардың бесеуі - балалар. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер екі адамды құтқарып қалды. Олардың біреуі - 1983 жылғы ер адам. Ол қалалық жедел жәрдем ауруханасына токсикология бөліміне жеткізілді", - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер 06.19-да өртті сөндіріп, сағат 06.26-да өрт ауыздықталды. Өрт 35 шаршы метр аумақты қамтыды. Төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр. Өртке қатысты іс материалдары Алматы қалалық ІІД-не жіберілді.