07 қыркүйек 2019 12:31

Алматыда өртенген қоймалар әлі бықсып жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Жасұлан Нқрқасымов Сурет: Жасұлан Нқрқасымов

Алматыда Барахолкадағы қоймалар әлі де әлсіз жанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Барахолкадағы қоймалар әлі де әлсіз жанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде видео пайда болды, онда автор "Барахолка әлі жанып жатыр" деп мәлімдеген.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіндегілер ақпаратты растады.

"Солтүстік айналым, 30б мекенжайы бойынша түнгі уақытта 4 арнайы техника, Алматы ТЖД жеке құрамының 30 адам қарауылдауға қалған. Қазір бықсыған ошақтарды төгу және конструкциялар мен материалдарды жинау жұмыстары жүріп жатыр. Жағдай бақылауда", - деді Алматы қаласы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Еске салсақ, Барахолкадағы қоймаларда өрт 6 қыркүйекте болды. Үй-жайда металл пластик бұйымдар сақталған.

Өртті сөндіру үшін Алматы құтқару қызметінің Ми-8 және "Қазавиақұтқарудың" К-32 тікұшақтары тартылды.

Оқиға болған жерге Алматы ТЖД жеке құрамының 64 қызметкері мен 20 техникасы, Алматы ТЖД 45 қызметкері мен 13 техникасы, "Алматы тазалықтың" суғарғыш техникасының төрт бірлігі, Жасыл экономика басқармасының 15 су тасығышы жұмылды.

ТЖД өкілдері Барахолкадағы өрттің мән-жайын айтқан болатын.

Өрт 18.12-де сөндірілді. Жану алаңы - 2,2 мың шаршы метр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети