28 қараша 2015 11:44

Алматыда өртенген үйді 11 арнайы машина сөндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өртенген үйді 11 арнайы машина сөндірді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады. 


Алматыда өртенген үйді 11 арнайы машина сөндірді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады. 

ТЖД өкілінің мәліметінше, Алатау ауданындағы Кисловодская көшесіндегі өрт туралы 101 пультіне 28 қарашада сағат 02.30-да келген.

"Өртті сөндіруге жеке құрамның 36 адамы және өртсөндіру қызметінің 11 машинасы жұмылған", - деп хабарлады Сандуғаш Баймұхамбетова. Өрт 3:42-де сөндірілді. 

"Алты отбасы тұратын жеке тұрғын үй өртенді. Өрт шалған аумақ 250 шаршы метр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді Алматы ТЖД ресми өкілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети