Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Алматыда өзін өлтірмекші болған қызды құтқарған полицейлер марапатталады

09 Қараша 2015, 13:15
3
© Youtube
© Youtube

Алматыда өзін өлтірмекші болған қызды құтқарған патрульдік полицейлер марапатталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Әуезов ауданы бойынша "Буран-11" жол-патрульдік полициясының экипажы 8 қараша күні хабарлама алған. "Бір минуттан кейін біз Қабдолов пен Сайын көшелерінің қиылысына келіп жеттік. Жолдың арғы бетіндегі қыз өзін өлтіруге шешім қабылдаған еді. Біз жақындауға мүмкіндік алу үшін онымен алыстан әңгімелестік", - деді Алматы ІІД жол-патрульдік полиция полкінің инспекторы Әділ Әділханов.

Әңгімелесу барысында полицейлер қыздың мұндай қадамға отбасындағы келеңсіздіктерден барғалы отырғанын анықтаған. "Біздің білуімізше, оның емшектегі баласы бар. Бұл біздің әңгімені ұзартуымызға себеп болды. Біз оған баласы туралы ойлауын ұсындық. Ол бірнеше уақыт бойы төмен қарап тұрды да, секіріп кетпекші болды. Сол кезде мен жүгіріп барып оны ұстап қалдым. Осылайша қыз құтқарылды", - деді құқық қорғау органдарының қызмкерлері.

Ішкі істер департаментінің аудандық бөлімшесінде әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. "Ол күйзелісте болды, үнемі жылай берді. Оны мұндай күйінде үйіне жіберу қауіпсіз болды, әрі оның туыстарына өзіміздің әрекетіміз туралы айтқанды жөн емес деп есептедік. Бұл біздің міндетіміз, мұндай жағдайлармен біз күн сайын кезігеміз", - деді сержант Әділханов.

Сонымен қатар, жол-патрульдік полиция полкі Алматы ІІД-ге "Буран-111" экипажының мүшелерін марапаттау туралы өтініш жіберді. Оның құрамына полицияның аға сержанттары Санжар Әбрірайымов пен Мәди Қартабаев та кіреді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай