Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда пәтерлердің бірінен 12 жануардың өлексесі табылды

04 Шілде 2015, 09:13
1
© Ktk.kz
© Ktk.kz

Алматыда көп қабатты тұрғын үйлердің біріндегі қайтыс болған қарияның үйінен үй жануарларының өлекселері табылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пәтер сыртынан бекітіліп тасталған.


"Жағымсыз иісі бар" пәтер. © ktk.kz


© ktk.kz

Үйдің тұрғындары жағымсыз иістен құтыла алмай келген. Олар аудандық әкімдік еш әрекет білдірмегеннен кейін есікті өздері бұзуды жөн көріпті. Пәтердің ішінен мысықтар мен иттердің өлекселері табылған. Көршілер 12 өлі жануар тапты.


Пәтердің іші толы кітап. © ktk.kz


Баспана екі жыл бұрын құлыпталған. © ktk.kz


10 мысық пен 2 ит пәтердің ішінде қалған. © ktk.kz


Олардың бәрі қиналып өлген. © ktk.kz


© ktk.kz


© ktk.kz

"Қария екі жыл бұрын қайтыс болды. Оның мысықтары мен иттері болды. Үй жануарларының бәрі сонда қалған. Оларды неліктен сыртынан жауып кеткендері түсініксіз. Жануарлардың бәрі өлген, содан жаман иіс жайлап кетті", - деді сол үйдің тұрғындарының бірі Нина Сердюк.


Нина Сердюк. © ktk.kz


© ktk.kz

Жануарлар аштан қырылған. Пәтердің иесі өлгеннен кейін қызметкерлер есіктің сыртынан мөр басып кеткен. Олар үйдің мұрагерін іздеп жатыр. Қызметкерлер жануарлардың барын білген. Алғашқы уақытта жануарларды балкон арқылы бір әйел тамақтандырып жүріпті. Кейін ол көшіп кетіпті.


Жильцы злополучного дома. © ktk.kz

Алматыдағы жануарларды қорғаушылар пәтерге келді. Олар енді тиісті органды жазалауды сұрап отыр. "Әкімдік қайда қараған? Олар тірі жануарларды қалай жауып кеткен? Ешкімге де хабар бермеген. Ең құрғанда оларды далаға шығарып жіберуге болады ғой. Адамдар қатерге бас тікті. Өлекселердің иісі, уы. Мемлекеттік қызметкерлер осылай етіп жатса, басқа не айтуға болады? Осы іске барғандар жазасын алады деп сенеміз", - деді "Котопес" қоғамдық қорының мүшесі Нина Грединская.


Защитница животных Нина Грединская. © ktk.kz

Қалалық басқармадағылар жануарлардың пәтердің ішінде қалай қалғанын білмейді. Шенеуніктер заң аясында әрекет еткендерін айтты. Олардың айтуынша, қайтыс болған қарияның мұрагері табылмаған. Енді үй пәтерге кезекте тұрғандардың біріне беріледі.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай