19 қазан 2015 15:44

Алматыда полицей жол қозғалысы ережесін бұзды

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube видеоролигінен алынған кадр YouTube видеоролигінен алынған кадр

Алматыда айналма жолда ережені бұзған полицейге 60 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Kolesa.kz. Тәртіп сақшысы әл-Фараби мен Мұстафин көшелерінің қиылысында ереже бұзған. Бұл сәт 2015 жылы 27 қыркүйекте видеотіркегішке түсіп қалыпты.


Алматыда айналма жолда ережені бұзған полицейге 60 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Kolesa.kz. Тәртіп сақшысы әл-Фараби мен Мұстафин көшелерінің қиылысында ереже бұзған. Бұл сәт 2015 жылы 27 қыркүйекте видеотіркегішке түсіп қалыпты.

Басылымның мәліметінше, видеожазба Алматы ІІД-ға жіберілген. Видеороликті көріп шыққан жеке қауіпсіздік басқармасындағылар көлік құралын басқарған полиция капитаны Жұмабаевты жауапқа тартып, оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салды (шамамен 60 мың теңге).

Айта кетейік, 2015 жылы 15 қазанда Ақтауда бір полицей жолда жүру ережесін бұзған. Куәгерлер тәртіп сақшысының жолда рұқсат етілмеген жерден өтіп кеткенін видеоға түсіріп алды. Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Сәрсенбаев полицейдің жазаланатынын мәлімдеді. Заң талаптарына сәйкес, жолда рұқсат етілмеген жерден өтуге 5 АЕК көлемінде (9 910 теңге) айыппұл салу қарастырылған. "Қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің қайсысының жолда жүру ережесін бұзғанын анықтап жатырмыз. Құқық қорғау органының қызметкеріне қатысты тиісті шаралар қолданылады. Оның кім екені анықтала сала хабарлаймыз", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети