Алматыда полицейлер үйінен қашып кеткен 13 жастағы қызды кезекті рет іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті ІІД полиция қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда полицейлер үйінен қашып кеткен 13 жастағы қызды кезекті рет іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті ІІД полиция қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 2003 жылы туған Алматы тұрғыны үйінен 2 қарашада кезекті рет қашып кеткен. Оның айтуынша, үйден қашуына анасымен жиі болатын "ұрыс-керіс" себеп.
"Полицияға қыздың анасы арызданғаннан кейін, біздің бөлім қызметкерлері мен криминалдық полиция қатарынан іздеу тобы құрылды. Жеткіншекті олар тез тауып алды, ол құрбысының үйінде болған. Болған жағдайға баланы ғана кінәлауға болмайды. Бұл жерде бала өміріндегі ата-ананың рөлі қандай деген мәселе де бар. Үйінен жиі қашу - бала мен ата-ана арасындағы байланыстың, осыдан барып ата-ана тарапынан бақылаудың да жоғын білдіреді. Осыған байланысты бұл отбасындағы жағдайды Наурызбай ауданындағы Кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссия қарауына беру шешімі қабылданды", - деп мәлімдеді Алматы ІІД жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлім басшысы Ләйлә Әліпбаева.
Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде қыз бала Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.