28 ақпан 2016 19:37

Алматыда ірі жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Шығыс айналма жолында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы Шығыс айналма жолында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты 26 ақпанда түстен кейін болған. Subaru жеңіл автомобилі алдында кетіп бара жатқан жүк автокранына соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр. Оқиға болған жерде құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

"Полицейлердің мәліметінше, батыс бағытта кетіп бара жатқан жеңіл автомобиль жүк көлігіне соқтығысқан. Полиция жүргізушінің көзіне күн түсіп, көлікті көрмей қалғанын айтты", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі оқиға болған жерден.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Subaru көлігінің 25 жастағы жолаушысы қаза тапты.

Алматы ІІД мәліметінше, жүк көлігі соңғы қатармен өте аз жылдамдықпен жүрген. Дерек Алматы ІІД өндірісіне алынды, қажетті сараптамалар тағайындалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети