1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда ірі жол апатынан Gelandewagen "бөлшектеліп" қалды09 сәуір 2016, 11:45

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында Шашкина көшесіне жетпей, шығыс бағытта ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Mercedes-Benz G-Class (Gelandewagen) әл-Фараби көшесінің бойымен шығыс бағытта жүріп бара жатып, жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған, соның салдарынан қоршау мен бағанға соғылып, жолдың қарсы бағытына шығып кетті. Куәгерлердің айтуынша, автокөлік бір-екі рет айналып, Audi A4 автокөлігіне соғылды, ол жолдың қарсы бағытында (Gelandewagen автокөлігіне қарсы бағытта - Авт.) батысқа қарай жүріп бара жатқан.

Бағдарламаның мәліметінше, жол-көлік оқиғасының салдарынан үш адам зардап шекті: Mercedes-Benz жүргізушісі мен жолаушысы және Audi жүргізушісі.

© "Территория происшествий".


Алматыда митинг өтті