22 мамыр 2015 11:56

Алматыда Розыбакиев көшесінің бойында Volkswagen өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Volkswagen автомобилі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап.


Алматыда Volkswagen автомобилі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап.

Оқиға 22 мамырға қараған түні Розыбакиев көшесінің бойында Сәтбаев пен Мыңбаев көшелерінің арасында болған. Алдын ала болжам бойынша, өрт автомобиль моторының бір бөлігіндегі электр сымдарының тұйықталуынан шықты. Көлік жүргізушісінің айтуынша, автомобиль Розыбакиев көшесінің бойымен кетіп бара жатқан кезде кенеттен жана бастаған. Өрт сөндіру қызметі келгенше ол өртті ауыздықтап үлгерді. Volkswagen жүргізушісі дін аман.

Еске сала кетейік, сәуір айының ортасында Алматы облысындағы техникалық жөндеу орталығында 5 автомобильдің өртеніп кеткені хабарланған болатын. 300 шаршы метрді шалған өрттен бір адам зардап шекті. Алдын ала болжам бойынша, Алматы облысындағы өрт электр сымдарынан шыққан. Өрт шыққан кезде ТЖО қызметкерінің қолы күйіп қалды, оған қажетті медициналық жәрдем көрсетілді. Өртенген автокөліктердің маркасы айтылмай отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети