18 желтоқсан 2017 13:08

Алматыда Рысқұлов даңғылының бойында ірі жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Рысқұлов даңғылының бойында төрт автокөлік соқтығысты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда Рысқұлов даңғылының бойында төрт автокөлік соқтығысты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Рысқұлов даңғылы мен Тілендиев көшелерінің қиылысында болды. Соқтығысқан барлық автокөлік даңғыл бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, жолдың қиылысқан тұсында Mitsubishi Space Wagon жүргізушісі дереу тоқтап үлгермей, Audi маркалы автомобильдің артынан соққан. Сол күшпен неміс көлігі алдында тұрған Mitsubishi Lancer көлігін соқты, ал Lancer Honda көлігін соққан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам зардап шекті, соның ішінде бала бар. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. 


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Кейінірек осы жерде тағы үш көлік соғысқан. 

Кейбір жүргізушілерді алкогольді ішімдік ішкен болуы мүмкін деген күдікпен медициналық куәландырудан өткізу үшін арнайы мекемеге алып кеткен. 


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети