Алматыда Рысқұлов даңғылының бойында құрылыс тіркемесі өртенді 16 қыркүйек 2016, 13:43

Алматыда Рысқұлов даңғылының бойында тіркеме компрессор өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт "Строй-Сити" сауда орталығының маңында болған. Видеоның кадрларынан тіркеме компрессордың жолдың қоршалған бөлігінде тұрғанын байқауға болады. Болжаммен онда жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.