31 тамыз 2016 | 23:38

Алматыда сәбиді өлімші етіп сабады деген бала күтуші кінәсін мойындаған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда бір жастан енді асқан сәбиді өлімші етіп сабады деп айыпталған бала күтуші кінәсін мойындаған жоқ, - деп хабарлайды КТК. Тараздық Толқын Өкеева нәрестеге қол ұшын да тигізбедім дейді. Оның айтуынша, баланың өзі ойыншықтан құлап басын жарақаттап алыпты. Осылай деп ант-су ішкен келіншек қайта өзін күллі елге жауыз етіп көрсеткен сәбидің анасын кінәлап отыр. Айтуынша, ол ұлын үйіне тастап кеткен. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда бір жастан енді асқан сәбиді өлімші етіп сабады деп айыпталған бала күтуші кінәсін мойындаған жоқ, - деп хабарлайды КТК. Тараздық Толқын Өкеева нәрестеге қол ұшын да тигізбедім дейді. Оның айтуынша, баланың өзі ойыншықтан құлап басын жарақаттап алыпты. Осылай деп ант-су ішкен келіншек қайта өзін күллі елге жауыз етіп көрсеткен сәбидің анасын кінәлап отыр. Айтуынша, ол ұлын үйіне тастап кеткен. 

Баланы көгала қойдай етіп сабады деп айыпталған 36 жастағы Толқын Өкеева мұны мойындап отырған жоқ. Ол бала күтуші болуға келісім бермепті. Айтуынша, анасының өзі ұлын аты-жөні жоқ тастап кеткен.

"Мен айттым өзімнің денсаулығым жоқ, жаңадан келдім емделіп, мен қайта қайта құлап жатырмын қысымым көтеріліп, балаңа қарайтын денсаулығым жоқ деп едім, "жоқ тәте маған бір-ақ апта қарап беріңіз... Сосын мен қолыма алам" деді. Содан бұл қыз жоқ боп кетті. Тәте мен сізге сеніп едім, мен айттым сен расписка бірдеңе жаздырып алмайсың ба? Сен қалай сенесің? Мені танымайсың. Бірге жұмыс істедік, жарайды", - деді Толқын Өкеева.

Осылайша танысы қолқалап қоймаған соң Мансұрға бас-көз бола тұруға келіскен келіншек сәбиді сабағанын да теріске шығарды. Саусақ ұшын да тигізбедім деп ант-су ішкен әйел баланың аулада ойнап жүріп жарақаттанғанын айтады. Онда да басы жарылмай, жәй ғана сырып алған екен.           

"Ойыншық машина камаз сияқты қызыл машина. - содан құлады? - аха, содан құлап кетті. - Содан басы жарылып кетті ма? - Жарылған жоқ, басы ешқандай жарылған жоқ, оны көршілердің бәрі көріп тұр, басы жарылған жоқ. Болды, машинадан құлады содан екі жерінде жарығы болды, оны көрген адам бар", - деді ол.

Бірақ, дәрігерлік сараптама мүлдем басқа дәйектерді келтіріп отыр. Ауруханаға ес-түссіз күйінде жеткізілген балада көгерген іздер табылған. Одан қалды, құлағы қанап, ақ халаттылар иненің іздерінің барын айтқан. Бірақ Толқын мұны да мойындамай отыр. Тіпті анасы о баста кешірім берген дейді.

"Мен баламның құлағына ине тықпаймын, елдің баласының құлағына қайтіп ине тығам? Мен ішетін әйел болсам жарайды, енді айтасыздар ине тықты, бүйтті, сүйтті деп мені көршілерімнің бәрі біледі қандай келіншек екенімді. Сізге қоятын менің ешқандай кінәм жоқ деді, маған просто ақша берсеңіз болды деді. Сөйтіп менен ақша талап етіп отыр", - деді Толқын Өкеева.

Ал оңбай таяқ жеген баланың халі әлі де ауыр. Дәрігерлер бас сүйегінің сынған жеріне ота жасаған. Нәресте 3 күн бойы комада жатса да, оны есінен танғанша ұрды делінген адам тек қаладан кетпеу туралы тілхат беріп құтылған. Оқиға бір ай бұрын болса да, тергеушілерге қазір жан бітіп, куәгерлерден жауап енді ғана алынуда (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети