23 ақпан 2016 20:21

Алматыда Шекара қызметінің офицері атылып өлген - прокуратура

ПОДЕЛИТЬСЯ

© topwar.ru © topwar.ru

Алматыда Шекара қызметінің офицері табель тапаншасынан атылып өлген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда Шекара қызметінің офицері табель тапаншасынан атылып өлген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"23 ақпанда 10.45-те Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің "Шығыс" өңірлік басқармасының жедел кезекшісінің жатын бөлмесінде кезекшінің көмекшісі аға лейтенант Амантаев Д.А. денесі табылған. Алдын ала Амантаевтың "ПМ" табель тапаншасын өз басына қаратып атқаны анықталды. Марқұмның 1977 жылғы екендігі де белгілі", - деп хабарлады прокуратурадағылар.

Бұл дерек ІІД Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде тіркелген, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. "Әскери қызметкердердің өлімінің мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети