Алматыда соғысқан автобус пен Mercedes: Қылмыстық іс тергеліп жатыр

28 Тамыз 2017, 11:32
0
Алматыда соғысқан автобус пен Mercedes: Қылмыстық іс тергеліп жатыр -

Алматыда Mercedes пен автобустың соғысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ, сараптамалардың тағайындалғаны айтылады.


© Куәгерлер жолдаған сурет

"Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі Mercedes жүргізуші қиылыста көлікті басқара алмай, автобуспен соғысып қалғанын айтады. Нәтижесінде алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасының шамамен 10 адам зардап шекті. Олардың екеуі - балалар. Біреуі ауыр жағдайда жатыр. Сондай-ақ, Mercedes көлігіндегі екі жолаушы мен жүргізуші зардап шекті.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Алматыда автобус жантүршігерлік жол апатына ұшыраған болатын. "№12 автобус Достық даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқанда алдынан Mercedes маркалы көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, жол апаты болды. Салдарынан Mercedes тізгінінде отырған қыз зардап шекті", - деп хабарлаған еді Салтанат Әзірбек. 

Ал кейінірек Дәрігерлер Алматыда болған жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтып берген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай