Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда су таситын көлік апатынан зардап шеккендер ауруханадан шығарылды

07 Қыркүйек 2015, 09:44
0
Тengrinews.kz мұрағатынан
Тengrinews.kz мұрағатынан

Дәрігерлер Алматыда су таситын көліктің қатысуымен болған жол апатынан зардап шеккендерді ауруханадан шығарды, олардың арасында жан сақтау бөлімінде жатқан бір жасар бала бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Лейла Кеңесбаеваға сілтеме жасап. 

"Сәби емнің толық курсынан өткеннен кейін босатылды, жағдайы жақсарды. Сонымен қатар, ауруханаға жатқызылған өзге зардап шегушілер де үйлеріне шықты", - деді ол.

Бұған дейін сәбидің жағдайының ауыр екені хабарланған болатын. Еске сала кетейік, ол жол апаты кезінде анасынан айырылды. Жол-көлік оқиғасы 13 тамызда шамамен 10.40-та болды. Су таситын машина Грозы көшесімен келе жатып, алдын ала мәлімет бойынша, тізгінге ие бола алмай, BMW маркалы автомобилімен соқтығысты.

Бұдан кейін жүк көлігі бағанаға соғылып, жаяу жүргіншілердің жолындағы адамдарды қақты. Жол апатының салдарынан екі адам қаза тауып, жеті адам жарақаттанды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай