17 маусым 2016 17:42

Алматыда су тасқыны салдарынан әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube © Youtube

Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігіндегі қозғалыс тоқтатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ішкі істер департаментіндегілер хабарлады. Полицейлердің мәліметінше, әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысында орналасқан туннель айырығындағы жол екі бағытта жабылды. "Шығыс пен Батысқа барар жолды кептелістің пайда болмауы үшін жаптық. Біз суды cору жұмыстары біткенше, автокөліктерді басқа көшелерге жеткіздік", - деді департаменттегілер.

Еске салайық, осыған дейін Алматыда әл-Фараби даңғылы су астында қалғаны хабарланған болатын. Оқырмандар Tengrinews.kz редакциясына мегаполистің қозғалысы көп көшелеріндегі су басып қалған аумақтардың суреттері мен видеоларын жолдап жатыр. Әл-Фараби, Абай және Достық даңғылдарындағы көліктердің су астында қалғаны хабарланды. Осыған байланысты қаланың кейбір бөлігінде кептелістер пайда болды.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда толассыз жауынның салдарынан Жароков көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналасқан "Алатау" метро станциясын су басқаны хабарланған болатын. "Метрополитен" директорының көмекшісі Ажар Хабиеваның айтуынша, су метро станциясына Жароков көшесі жақтан келе бастаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети