1. Басты
  2. Біл
  3. Тосын жай

Алматыда Subaru гүл дүкенін қиратты

Куәгердің суреті Куәгердің суреті

Алматыда Subaru көлігі Райымбек даңғылындағы гүл дүкеніне соғылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның куәгерлері хабарлады.

Олардың айтуынша, оқиға таңғы 9-10 шамасында 7 аурухана маңында болған. "Көлік жартылай дүкенге кіріп тұр. Сатушылар болмаған сияқты, зардап шеккендер жоқ. Көлік батысқа бет алып келе жатқан", - дейді куәгер. 

Тағы бір куәгер де зардап шеккендерді көрмегенін айтады. "Жүргізуші қашып кеткен сияқты", - дейді ол.