Алматыда табылған 20 жастағы қыздың өліміне қатысты мән-жай айтылды

29 Қаңтар, 09:12
0

Алматы облысы Қарасай ауданында жоғалғалы бір апта өткенде өлі табылған 20 жастағы Валерия Погребнякті өлтіру ісінің мән-жайы анықталды. КТК телеарнасының мәліметінше, сүйгенін өлтірдім деп мойындаған жігіт оны туыстарымен, еріктілермен және полицейлермен бірігіп іздегенін айтты.

Валерия 19 қаңтарда кешкі уақытта жоғалып кеткен. Ол жігіті Владимирмен бірге Мерей ауылынан Алматыға барған, бірақ қаладан жігіт жалғыз оралған. Ол қыз қалада құрбысының үйіне баруы керектігін айып, жалғыз қалдыруын сұрады деп мәлімдеген.


Валерия Погребняк тұрған үй. © ktk.kz

Полицейлер бірден жігіттен күдіктенген: ол куәлік еткенде шатасып, қызды тастап кеткен жерін нақты айта алмаған. Бір апта өткенде қызғаныштан өлтіріп, көміп кеткенін мойындаған.

"Мұндай сұмдарды жазалау керек. Іздестіру жұмысында ол мұнда, ішерін ішіп, шегіп, күліп жүрді. Ештеңе істей алмайтынын айтып жүрген. Ал шын мәнінде... нағыз сұмырайдың өзі...", - деп мәлімдеді марқұмның анасы Елена Погребняк телефон арқылы.


Күдікті қылмысын мойындады. © ktk.kz

Марқұмның ата-анасы да, оқытушылары да және тіпті сыныптастары да жігіттің өте қызғаншақ болғанын айтып отыр. Жұп үш жыл кездесіп жүрген. Владимир осы уақыт бойында сүйіктісінің әрбір қадамын бақылап келген. Жиі шу шығарған.

"Ол оны өлердей жақсы көрді, Лера да. Не болғанын білмейміз, бәрі таңғалып жүр. Ішпейді, шекпейді, есірткіге әуес емес. Орташа оқыды", - дейді сыныптасы Ирина Колида.

Ал Погребняктар отбасының көршісі Наталья Кудряшова жігітті былай сипаттайды: "Дөрекілеу еді. Махаббат. Қызғанып жүретін. Қыз өте сабырлы, жақсы, тәрбиелі еді. Үздік оқитын, мектепте мақтаулы еді", - дейді ол "Еуразия Бірінші арнасына" берген сұхбатында.

"Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Полиция "Адам өлтіру" бабы бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. 19 қаңтарда олар ауылдан қалаға беттеген уақытта араларында шу шыққан. Қызғаныштан ол сүйіктісін өлтіріп, қылмысын жасыру ниетімен денесін ауылдан шығаберісте көміп кеткен. Ол кеше қайда көмгенін көрсетіп, қыздың денесі табылды", - деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай