14 желтоқсан 2016 16:33

Алматыда такси жүргізушісі қол бұлғап тұрған қызды қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан үзінді Видеодан үзінді

Куәгерлер такси жүргізушісінің қол бұлғап тұрған қызды қағып кеткені туралы мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін БАҚ беттерінде такси ұстап тұрған қызды жеңіл көлік қағып кеткен видео жарияланған болатын. 


Куәгерлер такси жүргізушісінің қол бұлғап тұрған қызды қағып кеткені туралы мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін БАҚ беттерінде такси ұстап тұрған қызды жеңіл көлік қағып кеткен видео жарияланған болатын. 

Видеоның мерзіміне сәйкес, оқиға 12 желтоқсанда шамамен 17.43-те Мақатаев пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында болған. Жолдың қиылысынан алыс емес жерде шашы ашық түске боялған қыз арнайы қоғамдық көлікке арналған жолда тұрып, такси ұстауға ниеттенген. Бір мезетте үшінші жолдан бір көлік кілт тоқтап, клиентке қарай бұрылған. Осы кезде арнайы жолақпен келе жатқан тағы бір жеңіл көлік дереу тоқтап үлгере алмай, қызды қағып кеткен. Соққыдан ол бірнеше метрге ұшып түсіп, тротуарға құлаған. Не болғанын түсінбеген қыз орнынан тұрмақшы болады, алайда бірден тұрып кету мүмкін болмаған. Осы кезде бірнеше адам жүгіріп келіп оған көмектесіп орнынан тұрғызған. 

Осы көшелердің қиылысында сақтандыру компаниясы бар."Біздің әріптестер оқиғаны дәл уақытында көрген жоқ, соққының дауысын естіп, бірден сыртқа шықты. Зардап шеккен қыздың қасына біраз адам жиналып, жедел жәрдем шақырған екен. Біздің әріптестер қызға жедел жәрдем келгенге дейін жылы жерде біздің кеңседе отыруды ұсынған. Алайда ол бас тартып, өзінің сөмкесінің үстінде отыра берді. Сол кезде біздің әріптестер оған кеңседен орындық алып келіп, су берген. Біздің әріптесіміз жедел жәрдем келгенге дейін қыздың қасында болды. Осыдан кейін жол патрульдік полициясы келді", - деді "Коммеск-Өмір" сақтандыру компаниясының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметі мекемесінде қаланың 30 жастағы тұрғыны екенін айтты. Оның бас миы зақымдалған, алайда ол ауруханада жатудан бас тартты", - станцияның баспасөз қызметінің қызметкері Гаухар Нөкербекова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети