12 сәуір 2019 09:26

Алматыда тасжол опырылып, көлік қозғалысы қиындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр. © КТК Видеодан алынған кадр. © КТК

Алматыда Төле би көшесіндегі Сайран көлі маңында пайда болған терең шұңқырдың кесірінен көлік қозғалысы қиындаған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Алматыда Төле би көшесіндегі Сайран көлі маңында пайда болған терең шұңқырдың кесірінен көлік қозғалысы қиындаған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Абырой болғанда ешкім зардап шекпепті. 

Телеарнаның мәліметінше, дәл осы жерде былтыр жылу құбырлары ауыстырылған болатын. Мамандардың айтуынша, төтенше оқиғаға асфальт плитаның жылжып кетуі себеп. Ал коммуналдық мекеме өкілдері қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген компания кепілдік міндеттеме бойынша олқылықты жөндейді деп отыр.

"Түнгі 22:00-ге дейін Төле би көшесіндегі бұл аумақты қалпына келтіріп, шұңқыр пайда болған жолақты ашамыз. Ал асфалт төсеу үшін жауын-шашын тоқтағаннан кейін іске кірісеміз. Бірақ шұңқырдың диаметрі 1 метр еді. Сіздер көрген терең ор жұмысшылар келіп, қазу жұмыстарын бастаған соң пайда болған", - дейді "Алматы жылу жүйесі" ЖШС ресми өкілі Ян Грин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети